USD
USD
USD

Шымкентте жалпықалалық сейсможаттығу өтті

Шымкент ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының ұйымдастыруымен Шымкентте жалпы қалалық сейсможаттығу өткізілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Шымкентте жалпықалалық сейсможаттығу өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкентте таңертең 4 баллдық жер сілкінісі орын алды. Соның салдарынан «Нұрсәт» шағын ауданындағы № 67 және № 68 көпқабатты үйлерде электр желілерінің тұйықталуынан өрт шығып, тұрғындары сыртқа шыға алмай қалды. Дәл осы сценарий бойынша өткізілген жаттығу командалық-штабтық машинасының байланыс желісі арқылы өнірлердегі ТЖ департаменттеріне онлайн-режимінде көрсетілді.

Іс-шара барысында сценарий бойынша оқиға орынан төтенше жағдай қызметкерлері азаматтарды қауіпсіз аймаққа көшірді. Бұл бағытта № 6506 әскери бөлімі мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамындағы 30 адам мен 3 техникасы жұмылдырылды.

«Нұрсәт» шағынауданындағы екі үйдің тұрғындары толықтай құтқарылды. Олар баспалдақ арқылы сыртқа шықты, ал жүре алмай қалғандарын құтқарушылар түрлі амалдарды қолданып, қауіпсіз жерге алып шықты. Сондай-ақ аталған шара кезінде азаматтарға үрейге жол бермей сауатты қимылдау жағы үйретілді. Қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов бекіткен перспективалық жоспарға сәйкес, осы бағытта сейсможаттығулар қаланың барлық шағынаудандарында өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа кокс батареялары мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet