Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте жалған Tide, «Миф» және Ariel ұнтақтарын жасаған цех анықталды

Шымкентте жалған Tide, «Миф» және Ariel ұнтақтарын жасаған цех анықталды, деп хабарлады Otyrar.

Шымкентте жалған Tide, «Миф» және Ariel ұнтақтарын жасаған цех анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Шымкентте танымал брендтердің ұнтақтары астыртын цехта қолдан жасалған. Кәсіпкерді Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстады.
Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын үйінде балаларымен және туыстарымен бірге арзан ұнтақтарды Tide, Mif және Ariel брендтерінің танымал пакеттеріне салып қаптаған. Ол бір айға жуық уақыт бұрын қамауға алынды, қазір қылмыстық іс сотта қаралып жатыр», - делінген хабарда.
Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аға анықтаушысы Абзал Байжановтың айтуынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы 1-бөлігімен қозғалған.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс аясында контрафактілік химиялық өнімдерді дайындайтын астыртын цех қызметінің жолын кесті. Қала тұрғыны The Procter & Gamble кір жуғыш затының сауда белгілерін заңсыз пайдаланған. Тінту кезінде 1,5 мың сөмке контрафактілік өнім, дайындауға және өлшеуге арналған аппарат табылып, тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асты», - деді Байжанов.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи