USD
USD
USD

Шымкентте зейнеткерлерді сауықтыру орталығының бөлімшесі ашылды

Шымкентте зейнеткерлерді сауықтыруға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығының тағы бір бөлімшесі ашылды. “Халықаралық қарттар күніне” орай ашылған нысанның ресми салтанатына шаһар басшысы М.Әйтенов қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Шымкентте зейнеткерлерді сауықтыру орталығының бөлімшесі ашылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Қала әкімі құттықтау сөзінде жылы лебізімен қатар, қарттарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қамқорлық пен көмектің көлемі жыл сайын артып отырғанын және бұл бағыттағы жұмыстар Президент саясатындағы басым рөл атқаратын бағыттарының бірі екенін жеткізді.

Жаңадан ашылған бөлімше Қаратау ауданы, Жібек жолы көшесі, 22/1 учаскесінде орналасқан. Жартылай стационарлық жағдайда екі ауысым бойынша 140 азаматқа дейін қызмет көрсетіледі. Ардагерлер мұнда дәрігерлік тексеруден өтіп қана қоймай, ART терапия, әсемдік жасару терапиясы, караоке зал (ән айту), хореография, йога, еңбек терапиясы, инемен емдеу терапиясы, емдік денешынықтыру сияқты сауықтыру шараларынан өтеді. Сонымен қоса бос уақытты ұйымдастыруға арналған бильярд,теннис, садақ ату, бассейн, массаж, тренажерлық қызмет түрлері де қарастырылған. Жалғызілікті жандарға арналған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді.

“Белсенді ұзақ өмір”орталығының бөлімшелері қаладағы 4 ауданның үшеуінде Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында ашылған. Абай ауданы бойынша тағы бір бөлімшенің лентасы келесі жылы қиылатын болады.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев