USD
USD
USD

Шымкентте зейнеткердің ұрлық жасаған сәті видеоға түсіп қалды

Шымкентте зейнеткердің ұрлық жасаған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте зейнеткердің ұрлық жасаған сәті видеоға түсіп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Телефонын орнынан таппаған азық-түлік дүкенінің қызметкері болған оқиға туралы полицияға хабарлады. Сатушы ұрланған гаджет тауар тұрған сөренің үстінде жатқанын көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құрады.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бір сағаттың ішінде смартфонды ұрлаған адамның жеке басын анықтады. Ол 67 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Телефонға көзі түскен қарт келіншек сөрелерден белгілі бір тауарды іздеп жүргендей кейіп танытқан.

Сатушының назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, смартфонды тез арада сөмкесіне салып, сауда нүктесінен шығып кетуге асыққан. Тәртіп сақшылары гаджетті тәркілеп, заңды иесіне қайтарып берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты