USD
USD
USD

Шымкентте үшем дүниеге келді

Оңтүстік өңірде бала туу саны артып келеді.

Шымкентте үшем дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Шымкент қаласында үшем дүниеге келді. 27 жастағы бақытты ана Гауһар Нарметова қыз балаларды дүниеге әкелді.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, бұл, жыл басынан бері Шымкентте дүниеге келген алтыншы үшем.

«Лейла, Лейсан және Луиза есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Жас ана қарашаның 25-сі күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен туды. Операцияны Перинаталды орталықтың білікті акушер-гинекологы Сауле Дүйсенбаева жасады. Нәрестелердің туғандағы салмақтары 1490-2490 грамм болды», - деді басқармадан.

Босанған әйел мен үшем 20 күн бойы қалалық Перинаталды орталықта дәрігерлердің бақылауында болған. Денсаулық жағдайлары жақсарған соң, олар кеше үйлеріне шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай

Әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған: Алматы облысында үш адам сотталды

блогер соты

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер