USD
USD
USD

Шымкентте үш баланың анасы 5-қабаттан секіріп өлмек болды

Суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды.

Шымкентте үш баланың анасы 5-қабаттан секіріп өлмек болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкентте полицейлер 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған жас әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

102 пультіне «Адия» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан қоңырау түсті. Олар белгісіз адамның көпқабатты үйдің төбесіне көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлады.

Кезекші жедел түрде патрульдік полиция полкінің барлық экипаждарына хабарлама тастады. Шақыруға бірінші болып 1-рота қызметкерлері Қанат Бишинов пен Бейбіт Нұрпейісов келді.

Патрульдік полицейлер бірнеше минут ішінде өз өмірін қатерге тігіп, көпқабатты үйдің төбесіне көтерілді және әйелді әңгімеге тартып, назарын аудару арқылы ойынан қайтарып, құтқарып қалды. Қала тұрғыны аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Белгілі болғандай, әйелдің үш баласы бар. Әңгімеден кейін полицейлер оны күйеуіне тапсырды. Өз кезегінде жұбайы тәртіп сақшыларына қызметі үшін алғыс айтты. Әйел қазір отбасымен бірге.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері