USD
USD
USD

Шымкентте ұрланған мал GPS арқылы табылды

Шымкентте ұрланған мал GPS арқылы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте ұрланған мал GPS арқылы табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тұран АПБ-ның “102” арнасына мал ұрлығы туралы хабарлама келіп түсті. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол жайылымға 13 қой жіберіп, біраз уақыттан кейін оралғанда үш бас малы жоғалғанын білген. Аталған арыз негізінде полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы бойынша тергеуді бастады. Мал ұрысын анықтауға жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел уәкілдер жұмылдырылды.

Ұрланған мал иесінің бұрын солардың біріне орнатқан GPS құрылғысы арқылы табылды. Қойлар жеке үйдің ауласынан тәркіленді, үй иесі оның танысы малға қарай тұруды сұрағанын айтты. Күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Белгілі болғандай, иесіз жайылып жүрген малды байқаған қаскүнем көлігіне бірнеше қой салып алып, “ізін суытқан”. Қазір ұсталғанға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Құқық қорғау органдары ауылшаруашылық жануарларына қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін GPS құрылғыларын орнатуды ұсынады және бұл мал ұрлығымен күресудің тиімді әдістерінің бірі екенін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала