USD
USD
USD

Шымкентте ұлттық ұландықтар төбелеске балтамен шыққан адамды ұстады

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары біреуге балта сілтеп, өлтіремін деп қорқытқан жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте ұлттық ұландықтар төбелеске балтамен шыққан адамды ұстады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Шымкент қаласының «Шығыс» шағын ауданында болған. Патрульдік қызмет кезінде әскери жасақ екі адамның жанжалдасып жатқанын байқайды. Жандарына жақындаған кезде біреуі екіншісіне балтамен ұмтылған.

«Біз патрульдік бағытты айналып өтіп, екі тұрғынның қоғамдық тыныштықты бұзып жатқанын байқадық. Жанжал күшейіп, қақтығыс қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады. Араласуға тура келді», - дейді патрульдік топтың бастығы, аға лейтенант Оразхан Орынбасар.

Тәртіп бұзушылар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт