USD
USD
USD

Шымкентте үй иесі бала күтушісінің аңғалдығын пайдаланып атына несие рәсімдеген

Шымкентте үй иесі бала күтушісінің атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте үй иесі бала күтушісінің аңғалдығын пайдаланып атына несие рәсімдеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Абай ауданының полиция басқармасына Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, өткен жылдың шілде айында Шымкент қаласы аумағындағы ауқатты отбасыда бала күтушісі болып қызмет еткен. Сол кезде аталған жанұяның мүшесі жасырын түрде оның телефонын алып, банк қосымшасы арқылы 1 млн теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген.

Әйел өз атынан өзге біреудің несие алғанын біліп, жедел түрде полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсті. Ол Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша жұмыссыз. Тергеу барысында белгілі болғанындай, ұсталған азаматша айласын өз үйінде асырған.

Бала күтушісінің аңғалдығын пайдаланғанын мойындап, заңсыз әрекетке қарыздарынан құтылу үшін барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.