USD
USD
USD

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ«HALAL EXPO – 2021» ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» ЖШС-нің директоры Айбек Аташев мәлімдеді.

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ«HALAL EXPO – 2021» ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  – Елімізде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тұңғыш рет халықаралық «Halal expo 2021» көрмесі ұйымдастырылып отыр. Бұл шараға әлемдік және отандық кәсіпкерлер мен инвесторлар, халал индустриясындағы белді кәсіпорындар мен халықаралық сертификаттау органдары, дін қайраткерлері, мемлекеттік мекеме басшылары, зиялы қауым, сарапшылар және БАҚ өкілдері қатысады. Көрмеде зиялы қауым өкілдері мен дін ғалымдары, халықаралық сарапшылар баяндама жасайды. Сондай-ақ, үздік кәсіпорындарды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттайтын болады, – деді Айбек Асқарбекұлы.

Спикердің сөзінше, тұтынушылар көрмеде халал өнімді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан да төмен ала алады.

Айта кетейік, жәрмеңке қалалық көрме орталығында 11-12 қазан аралығында өтеді. Бұл - отандық және шет елдік кәсіпорындарға өз өнімдері мен қызметін ұсынуға мүмкіндік беретін халал индустриясындағы ең үздік көрме.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек