USD
USD
USD

Шымкентте төрт қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылар сотталмақ

Шымкентте тағы бір қаржылық пирамиданың жолы кесілді.

Шымкентте төрт қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылар сотталмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент қалалық Экономикалық тергеу басқармасы "Өз үйім", "Табыс", "Онлайн Табыс" және GAP қаржы пирамидаларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше, пирамидаларды ұйымдастырушылар еліміздің түкпір-түкпірінде қылмыстық әрекеттерді бастап, жүздеген азаматтың сеніміне кірген.

Іс бойынша айыпталушылар жеті күн ішінде 40 пайызға дейін дивидендпен түрлі инвестициялық бағдарламаларға ақша салу бойынша және жылжымайтын мүлік құнынан ең төмен бастапқы жарнамен тұрғын үйді немесе автокөлікті пайызсыз сатып алу жөнінде қолайлы шарттарды жарнамалаған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын бір миллиард теңгеден асады. Шымкент қаласының прокуратурасы үш айыпталушыны сотқа жіберді, олар заң бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қалалық прокуратура азаматтар өз қаражатын күмәнді және тексерілмеген, қомақты қаржы мен үлкен пайда ұсынатын ұйымдарға сенбеу керектігін еске салды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.