USD
USD
USD

Шымкентте тіркелген таксилер ғана адам тасиды

Шымкентте қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысымен карантин шаралары күшейтілді. Қалада қоғамдық көлік тоқтады. Арнайы тіркелген 11 такси компаниясы жұмыс істейді.

Шымкентте тіркелген таксилер ғана адам тасиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал ақша айырбастау орындары мен микроқаржы ұйымдарының қызметі онлайн режимге көшті. Карантинді күшейтпесек, халық әлі де көшеге шығып абыр-сабыр күй кешуде дейді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Қаладағы қоғамдық көліктер толығымен тоқтады. Тек арнайы тіркелген таксилер ғана жұмысын жалғастыра береді. Оларға 2 адамнан артық жолаушы алуға болмайды. Тіркелмеген таксилерге рұқсат жоқ. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов: "Қоғамдық көлікте жұғатын болса, жұқтырған адамның қасында болған адамдарды анықтау мүмкін емес. Қазіргі жағдайға байланысты осындай шешім қабылдап отырмыз" деді. 

 65 жастан асқан адамдарға және 18 сегіз жасқа толмаған адамдарға қараусыз көшеге шығуға тыйым салынады.  Ал айырбастау пункттері мен микрофинанстық ұйымдардың қызметі онлайн жұмыс режиміне көшті. Олар «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша ісін жалғастыра береді. Ал тұрғындарға карантин талаптарын орындап, мамандар ұсынған нұсқаулықтарға қатаң көңіл бөлу керектігі айтылуда. 

Себебі, мамандар карантиндік режим талабын орындап, қажет жағдайда ғана ғана шығуды талап етуде. Карантиндік шараларды күшейтпесе, аурудың саны көп болып тұр дейді жергілікті билік. 

Қазір оқып жатыр

«Есіктен есікке дейін»: өңірлерде «Әділет» партиясының сайлауалды акциясы өтіп жатыр

.

Никол Пашинян үкіметтің отставкасы туралы өтінішке қол қойды

Никол Пашинян

Алматыда жасөспірім қыз есірткі таратты деген күдікпен ұсталды

.

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.