USD
USD
USD

Шымкентте теміржол маңында тұрған көліктен аса ірі көлемде есірткі табылды

Шымкентте теміржол маңында тұрған көліктен аса ірі көлемде есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте теміржол маңында тұрған көліктен аса ірі көлемде есірткі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түнгі уақытта әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде Абай АПБ-ның учаскелік инспекторлары теміржол маңында тұрған көлікке назар аударды. Жақындай түскен полицейлер Toyota camry автокөлігінің тізгінінде отырған қобалжулы жас жігітті байқады. Оның оғаш қылығы тәртіп сақшыларының күдігін туғызды.

Қажетті тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті полицейлер жедел-тергеу тобын шақырды. Автокөлікті тінту кезінде жүргізуші есігінің қалтасынан үш полиэтилен орамы салынған пакет табылды. Олардың бірінде ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат болған. Қалғандарының ішінде ақ ұнтақ салынған ондаған орама болды.

Тәркіленген гашиш пен мефедронның жалпы салмағы 200 грамнан асты. Аталған жайт Абай АПБ-да ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша тіркелді.

– 23 жастағы азамат өткізу мақсатында есірткімен заңсыз жұмыс жасады деген күдікке ілініп, Шымкент қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған адамның көлігі айып тұрағына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді қылмыстық істі тергеуші Бекжан Мырзан.

Айта кетейік, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында полиция қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу және оған қарсы күрес жұмыстарын күшейтті.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс