USD
USD
USD

Шымкентте тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының барлық аумағында көктемгі тазалық жұмыстары жалғасып жатыр.

Шымкентте тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары да күшейтілді.

Көктем мезгілі басталысымен қаладағы барлық көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларында, саябақтар мен скверлерде және ирригациялық жүйелерде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аялдамалар мен аяқжолдар сумен жуылып, санитарлық-тазалық жұмыстары атқарылуда.

Кеше қаладағы «Наурыз», «Жеңіс» «Абай», «Тәуелсіздік» саябақтары мен «Жастар», Ш.Қалдаяқов атындағы аллеяда және «Ипподром» сквері мен Бәйдібек би ескерткіш аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық мекемелері қала тұрғындары демалатын орындарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбтерін әктеді және газондарды орып, ретке келтірді.

Мәдениеттілік тазалықтан басталатынын айтқан тазалық мекемесінің қызметкерлері қала тұрғындарынан өздері және балалары демалатын қоғамдық орындарды ластамауға және қоқыс тастамауға шақырды.
 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек