USD
USD
USD

Шымкентте спорт алаңдарының саны артып келеді

Бүгін Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында демеушілер есебінен тағы екі спорт алаңшасының лентасы қиылды. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған жоба аясында осымен 6 спорт алаңшасы ашылып отыр.

Шымкентте спорт алаңдарының саны артып келеді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шараның ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысып, тұрғындарды құттықтады.

-Қаламызда балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жаппай спортты дамыту мақсатында көптеген жаңа нысандар пайдалануға берілуде. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Серік Тульбасовтың қоры мен Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен Шымкент қаласы әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында алаңшалар ашылып жатыр. Әрбір нысанның үлкен спорт алаңы, жасанды жабыны, жарықтандыруы және жоғары қоршауы бар. Онда балаларға баскетбол, волейбол, футбол, теннис ойнауға барлық жағдай жасалған. – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін Әл-Фараби және Абай аудандарында салынған болатын. Жобаның ерекшелігі демеушілер салып берген алаңшаларды тұрғындар өздері қалағанынша пайдаланып, жауапкершілігіне алады.

Жалпы Шымкент қаласында аула ішілік 231 спорт алаңшасы болса, биыл 101 спорт алаңын салу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек