USD
USD
USD

Шымкентте Сібір жарасымен ауырғандар қалай болды?

Шымкентте Сібір жарасымен ауырған науқастардың жағдайы жақсы. Қазір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында науқастардың бірі әлі де ем алуда.

Шымкентте Сібір жарасымен ауырғандар қалай болды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал, бірі үйіне шығарылған. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын, қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді. Індетке шалдыққандар ағайынды кісілер. Олар Түркістан облысы Сайрам ауданы аумағындағы өздерінің жеке шаруа қожалығында ірі қара мал ұстап, бордақылап сатумен айналысқан екен. «Науқастарға Сібір жарасы қыркүйек айының басында шыққан», - дейді санитар дәрігерлер.

Олармен қарым-қатынаста болған 21 адам медицина мамандарының бақылауында болып, емделген. Сондай-ақ мамандар Шымкент пен Түркістан облысының жақын жатқан аудандары Сібір ойық жарасы бойынша қолайсыз аймақ екендігін де атап өтті. Былтыр Шымкентте бұл жұқпалы аурудың бір дерегі тіркелген болатын. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева: "Ошақта 21 адаммен қарым-қатынаста болғанын анықтадық. Олардың барлығы антибиотикпен емделіп, медициналық бақылауда болды. Жағдайлары жақсы. Олар жақын туыстар. Ешқандай шағымдары жоқ. Сібір жарасына анықталған ешқандай белгілері болған жоқ. Қазіргі таңда ошақ жабылды. Инкубациялық кезең бітті. Қайталанған жағдайлар тіркелген жоқ" деді. 

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Денсаулық

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Полиция, Әл-Фараби даңғылы

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық