USD
USD
USD

Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі М.Әйтеновтің бастамасымен Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Чемпионатты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстандық шахмат федерациясы ұйымдастыруда. «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында қолға алынған спорттық сайыс алдағы шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Іс шараның мақсаты — халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Сондай-ақ, шахматтан жаңа есімдерді анықтау.

Айта кетейік, «Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» брендін қалыптастыру бастамасын қолдап, ерекше қуанышпен қабылдағандардың бірі- Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік болды

21 жастағы Жансая әйелдер мен ерлер арасында халықаралық гроссмейстер атағын алған Орталық Азияның алғашқы өкілі.

Қазіргі таңда әлемнің үздік шахматшылары көшін бастап тұрған жерлесіміздің жеңісті жолы мен қолдауы – жас шахматшыларға шабыт сыйлары сөзсіз.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам