USD
USD
USD

Шымкентте сауда орталықтарынан вакцина салдыру пунктілері ашылады

 Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді, - деп хабарлайды Shymkentaqparat. 

Шымкентте сауда орталықтарынан вакцина салдыру пунктілері ашылады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шымкент қаласында ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алушылардың саны көбейді. Яғни, бүгінге дейін 46 656 адам екпе қабылдады. Олардың 9 570-і – медицина мамандары, 11 752-сі – мұғалімдер, 4 738-і – полицейлер, 3 332-сі – созылмалы ауруға шалдыққан науқастар, ал 1 326-сы студенттер болса, қалғандары – басқа да санаттағы азаматтар. Бұл ретте халыққа бар жағдайды жасау мақсатында вакцина егу пунктілерін көбейтіп, салдыру уақытын ұзарттық, – деді Б.Позилов. Спикердің сөзінше, үшінші мегаполисте вакцина салдыру 38 егу пунктінде жүргізіліп отыр. Олар күнделікті сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуде. Оған қоса, бүгін қаланың сауда орталықтарында вакцинациялау жұмыстары басталған.

Яғни, №1 қалалық емхана мамандары таңертеңнен «Әмбебап сауда орталығының» (ЦУМ) қызметкерлері мен дүкенге келуші азамматтарға вакцина салуда. Айрықша жеткізетін жайт, бұл шара жалғасады. Ендігі кезекте 19 сәуірден бастап «Мега» сауда орталығы мен базарларда егу пунктілері ашылады. Еске салсақ, коронавирусқа қарсы шығарылған вакцина адамға күш-қуат беретін дәрумен болмағандықтан, оны салдыру оразаны бұзбайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері пәтуа шығарған. Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал қалыпты болып тұрған жоқ. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 119 жағдайы тіркелген. Осы орайда қаланың Бас дәрігері шаhар тұрғындарына барлық санитарлық талапты сақтауға шақырды. Айта кетейік, вакцинация бойынша сауалдарға байланысты «109» немесе 39-33-47 нөміріне хабарласуға болады.

Қазір оқып жатыр

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы

Сапасыз қасбет тақталарын жеткізген кәсіпкер 43,5 млн теңге шығынды төлеуге міндеттелді

Құрылыс компаниялары