USD
USD
USD

Шымкентте сарбазды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген шекарашы сержант жеті жылға сотталды

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент гарнизоны әскери соты үкімінің күшін жойып, шекара заставасының сержантын 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі.

Шымкентте сарбазды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген шекарашы сержант жеті жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент гарнизонының әскери сотының үкімімен сержант Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағындағы ("Қорқытып алу") және 451-бабының 1-бөлігінде ("Билiктi асыра пайдалану") көзделген қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырған, ал ҚК-нің 105-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") және 451-бабының 2-бөлігімен кінәсіз деп танылып, ақталған.

Сот сержант шекара заставасында келісімшарт бойынша мобильді топтың басшысы ретінде қызмет атқарғанын анықтады. 2022 жылдың тамызында ол әскери қызметшілер Қарулы күштердің жарғысын бұзып, нарядтағы бекеттерді өз еріктерімен ауыстырғанын аңғарған. Осыны пайдаланып, сержант қатардағы жауынгерден ақша бопсалап, өзінің банктік шотына аударуын талап еткен.

Сонымен қатар сержант шекара заставасының аумағында алкогольдік ішімдік ішкен үш әскери қызметкерді байқап, өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, оларға дене жарақаттарын келтірген. Кейін сержант жоғарыда аталған жағдайды пайдаланып, жүйелі және негізсіз түрде әскери қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, оны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерді қарап тексерумен, оның ішінде банктік шоттан үзінді көшірмесімен, шекара заставасынан алынған бейнежазбамен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. 

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен әскери қызметкер кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.