USD
USD
USD

Шымкентте "Сәлем хат" акциясы өтті

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік акция өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Шымкентте "Сәлем хат" акциясы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Сәлем хат!" акциясын қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырған. "Көл" субұрқағы маңындағы қоршаулар түрлі-түске боялып, құттықтаулар мен сәлем хаттар ілінген.

Онда қаладағы мәдениет ошақтарының қыз-келіншектері ағаларына, інілеріне, әкелері мен замандастарына деген ізгі тілектері мен құттықтауларын қағазға түсірген. - Бұл идеяны басқарма басшысы Ханзада Есенова ұсынды. Ондағы мақсатымыз - аналардың, қыз-келіншектердің әскердегі ұлдарына, аға-інілеріне деген сағынышын, махаббаты мен құрметін жеткізу.

Арулардың сәлем хаттарынан олардың ыстық ықыластары көрініс табады. Қазіргі жағдайға байланысты карантин талаптары сақталуда. Болашақта дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз, - деді Шымкент қалалық мәдениет үйі директорының орынбасары Марат Оразметов. Акция аясында "Қазына" би тобының өнерпаздары елдегі арулардың әскердегі замандастарын күтіп алу сәтінен сазды-сахналық көрініс қойды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек