USD
USD
USD

Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды

Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұрғындарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елімізде шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды болдырмау мақсатында 10 наурызда “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шара барысында Еңбекші ауданында арнайы рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген 21 Өзбекстан Республикасының азаматы анықталып, олардың жеке бастарын анықтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.

Шетелдіктердің жеке бастары анықталған соң, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылатын болады. Қазіргі таңда заңсыз көші-қонның алдын алу жұмыстары жалғасуда.

 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық