USD
USD
USD

Шымкентте ресторандар жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласында «Наурыз – Шымқалада» мерекелік бағдарламасы аясында «ДәмДәсTour» тұңғыш ресторандар жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Шымкентте ресторандар жәрмеңкесі өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жәрмеңкеге қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Жәрмеңкеге жергілікті Wok-Wok, BarVilka, Бахчи-Сарай, Кәусар, Kөk-Saray, TheПАПА, Ладушки, 19.06, Мадлен, The secret, Happy cake, Афрасиаб, Кофе молка, Блинчик сынды 50-ге жуық қатысып отыр. Олар «Ең үздік шымкенттік палау», «Ең үздік шымкенттік наурыз көже», «Ең үздік шымкенттік кондитерлік өнім», «Ең үздік шымкенттік фаст-фуд», «Ең үздік шымкенттік кәуап» және «Ең үздік шымкенттік самса» номинациялары бойынша бақ сынауда. Үздіктерді қазылар алқасының құрамындағы «Horeca Қазақстан» мейрамхана-қонақ үй бизнесі кәсіпорындары Ұлттық қауымдастығының Президенті И.Копайлов және Томас Мюллер, С.Отарбаев, Р.Усманов сынды шеф-аспаздар, тележүргізуші Айгүл Мүкей, food-блогер және вайнер М.Мамраимов, Шымкент қаласы Іскер әйелдер қауымдастығының президенті А. Архабаева, «GraMad» супермаркеттер желісінің бас директоры және мәслихат депутаты А. Наимбековалар анықтайды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек