USD
USD
USD

Шымкентте пневмониямен ауруханаға 6 мың адам жатқызылған

Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 3 596 адамға жетіп, 2097 адам еделіп шыққан. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткізген брифингте мәлімдеді. 

Шымкентте пневмониямен ауруханаға 6 мың адам жатқызылған
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Қала әкімінің сөзінше, 7 шілдедегі жағдай бойынша, өңірде қауіпті індеттен 18 адам қайтыс болған. Қалалық жұқпалы ауруханалардағы төсек-орны 160-тан 650-ге жеткізілді. Ал, провизорлық стационарлардағы орын саны 3010 болып отыр.

Қалада сондай-ақ, пневмониямен тіркелген науқастар саны да өскен. Күні бүгінге дейін 6340 науқас сырқаттанған болса, оның ішінде 6060 адам (95,6 %) ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында 3639 адам (60 %) емделіп шыққан.

ЖРВИ-мен 11 891 адам ауырып, 535 адам (4,5 %) ауруханаға жатқызылған.

«Жедел жәрдем қызметіне 1 маусымнан 6 шілдеге дейін шақыртулар саны екі есеге өсіп, 59 925 жеткен. Call-орталығы (109, 1430) іске қосылды. Коронавируске арналған төсек-орындар 300-ден 650-ге көбейді. 26 жерден 3110 төсек-орындық провизорлық стационар ашылды. Ауыр дәрежедегі науқастарға 136 жансақтау төсек орны дайындалып, бүгінде 95 пайызға толған. Алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының базасында қосымша 628 төсек-орны ашылып, жеңілатлетикалық спорт кешенінің базасында 360 төсек-орын ұйымдастырылды. Жергілікті өндірушілер 5 миллионнан астам көп қолданылатын маска мен 100 тонна дезинфекциялық зат, 170 мың флакон және 192 мың литр спрей шығарды»,- деді Мұрат Әйтенов.

Шаһар басшысының айтуынша, қалада 56 мобильді топ құрылған. Бұл топ мүшелері 10 341 науқасқа қызмет көрсетіп, 26 380 адам АЛО мобильді тобының қызметі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтылған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі