USD
USD
USD

Шымкентте пәтерлер тексерілді

Шымкентте 40 мыңнан астам пәтер мен жеке тұрғын үй тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте пәтерлер тексерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.1 қазан мен 1 қараша аралығында ҚР көлемінде “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шымкенттік полицейлер профилактикалық шараның он үш күнінде 40 181 пәтер мен жеке тұрғын үйді аралап, 900 жалдамалы пәтерді тексерді.

Жалға берілетін пәтерде тұрып жатқан 94 Ресей Федерациясы азаматы анықталды. Қала аумағында 536 бір нүктелік рейд өткізілді, оның ішінде сауда орындарында – 61, өзге де орындарда – 475. Қаңғыбастық пен қайыршылық жасап жүрген, тұрғылықты жері жоқ 40 адам анықталды.

Түнгі мезгілде 146 жасөспірім ұсталды: заңды өкілдерінсіз жүрген 106 бала, қоғамдық тәртіпті бұзған 40 жасөспірім. Сондай-ақ Ішкі істер органдары есебінде тұрған 3305 тұлға тексерілді. 2082 қару иесі тексеріліп, қаруды тіркеу және сақтау тәртібін бұзғаны үшін 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз тіркелмеген екі қару тәркіленді.

 Барлығы 6639 тұрғын әкімшілік жауапкершілік арқалады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 106 шетел азаматы заң аясында жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, тіркеусіз тұрғаны үшін 484 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы (Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты қуаландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша хаттама толтырылды. Тағы 1687 адам АПБ мен учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, қол саусақ іздері алынды.

Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.