USD
USD
USD

Шымкентте пәтер ішінен үш адамның денесі табылды

​Кеше Шымкент қаласында пәтер ішінен 3 адамның өлі денесі табылды.

Шымкентте пәтер ішінен үш адамның денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шымкентте пәтер ішінен үш адамның өлі денесі табылды. Кеше кешкісін сағат 17:36 шамасында «103» қызметіне хабарласқан тұрғын Әл-Фараби ауданы, Ерманов көшесі бойындағы көппәтерлі үйге шақырту жасап, есікті ашу керектігін айтқан.

Оқиға орнына жеткен жедел құтқару жасағы арнайы құралдардың көмегімен кіре беріс есіктерді ашты. Пәтердің ішінен 1978, 1957, 1979 жылы туған үш адамның денесі табылды. Қазіргі кезде олардың қайтыс болу себептері анықталуда.

«Сот медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің 8 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды. Қазір полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің қоғаммен байланыс тобы таратқан мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті