USD
USD
USD

Шымкентте Өзбекстан азаматы қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, атыс шығарды (видео)

Шымкентте 20 ақпан күні сағат 14:30 шамасында қара киінген қарулы адам айналасына оқ жаудырған, деп хабарлайды Otyrar.kz ​.

Шымкентте Өзбекстан азаматы қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, атыс шығарды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкенттегі Рысқұлбеков көшесінде орналасқан «Арсенал» аңшылық дүкенінің сатушысына Өзбекстанның 49 жастағы азаматы шабуыл жасады.

Алдымен «Сайга» маркалы мылтықты көруді өтініп, одан кейін мылтықты сатушының басына тақап, аңшы мылтығын ұрлап кеткен. Осы уақытта дабыл шақыру түймесі арқылы оқиға орнына жеке күзет компаниясының қызметкерлері жеткен. 

Олардың арасында атыс болды. Шабуылшы екі күзетшіні атып үлгерген. Біреуінің қолына, екіншісінің бронежилетіне оқ тиген. 

Оқиғаны куәгерлер камераға түсіріп алған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар телеграм каналдарда жарияланды. Кадрлардан қарулы ер адамның көшеде жүгіріп келе жатып, айналасына оқ атқанын көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тонау және есірткі саудасымен айналысқан 22 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Данияр Елеусінов

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер