USD
USD
USD

Шымкентте өз үйінен ер адамның мәйіті табылды

Шымкентте 35 жастағы ер адамның денесі өз үйінен табылды. Мәйітті марқұмның туыстары байқаған. Болжам бойынша, ол газдан уланып көз жұмған.

Шымкентте өз үйінен ер адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға Низами көшесіндегі жер үйде болған. 1986 жылы дүниеге келген ер адамның мәйітін туыстары жуынатын бөлмеден тауып алыпты. Қазір марқұмның неден көз жұмғаны анықталып жатыр. Төтеншеліктер бұл үйде газ колонкасы тиісті талапқа сай орнатылмаған деп отыр. Ол жуынатын бөлмеге қойылған.

Үй-жайда газ колонкасы орнатылған. Онда желдету арнасының болмауы, газ жабдығын орнату қағидаларының бұзылуы анықталған. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды,  - деді қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті