USD
USD
USD

Шымкентте өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр

Шымкент қаласында халықтың улы газ бен өртке қарсы мәдениетті тұрақтандыру мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтуде.

Шымкентте өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Кезекті профилактикалық іс-шараға Шымкент қаласы ТЖ департаменті басшысы, полковник Мадияр Жақсыбаев қатысып, тұрғындарға үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Мобильді топ Абай ауданы Тельман бөлімшесіндегі жеке тұрғын секторларын аралады.

Департамент басшысы тұрғындарға жылыту құралдар мен жабдықтарды алдын ала дайындау керектігін еске салды. Әсіресе газ құрылғыларға назар аударып, дұрыс орнатылмаса, қайғылы жағдайға әкелетінін жеткізді.

Мобильді топтың құрамында болған газ шаруашылығының мамандары арнайы аспаптарымен тұрғын үйдегі газ жабдықтарында газдың шығуын тексерді.

Осы рейд барысында мамандар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 3 отбасыға газдабылқаққыш орнатты. Айта кетсек, жыл басынан бері Абай ауданында мұндай құрылғы 22 отбасыға көмек ретінде орнатылған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек