USD
USD
USD

Шымкентте оқушылар арасында футболдан жарыс басталды

Шымкентте 5-6 сыныптың қыздар арасында Ұлттық Мектеп Лигасының «Былғары доп» жарысы басталды.

Шымкентте оқушылар арасында футболдан жарыс басталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Онда республиканың әр өңірінен келген 9 команда сайысқа түсуде. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі спорт додасының аясы кеңейіп келеді.

Ұлттық Мектеп Лигасының ашылу салтанатына Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы мен қалалық білім басқармасының өкілдері қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Бұл додаға Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан өңірлерімен қоса Шымкент қаласынан (2 команда) бас-аяғы 9 команда бәсекеге түсуде.

Қазіргі уақытқа дейін шымкенттік шәкірттер Ұлттық мектеп лигасы аясында өтіп жатқан 36 жарыстың 9 түрінен бірінші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жергілікті спортшыларға үлкен үміт артып отыр.

Айта кетейік, қыздар арасындағы футболдан жарыс 13 маусымға дейін жалғасады. Осыдан бірер жыл бұрын ғана қолға алынған Ұлттық мектеп Лигасының аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Небәрі 3 спорт түрінен бастау алған байрақты бәсеке қазір он спорттың түрін қамтып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек