USD
USD
USD

Екпе алмағандарға да «жасыл» мәртебе берілетін болды

Бұған дейін тек екпе алғандарға берілген Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебе енді екпе алмағандарға да қолданылатын болды. Бірақ барлығына бірдей емес. Ол үшін вакциналаудан босатылғаны жөнінде дәрігер рұқсаты болуы тиіс.

Екпе алмағандарға да «жасыл» мәртебе берілетін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Карантин талабына сәйкес, екпе салдырмағандарға бұған дейін санаторий, фитнес-орталық, кинотеатр, сауда орындары сынды түрлі объектілерге кіруге тыйым салынған болатын. Енді бұл талап жеңілдетіліп, вакцина салдырмағандарға да кез келген объектіге еркін кіру мүмкіндігі берілетін болды. Тек тиісті медициналық талапты сақтауы шарт. Бірақ бұл азаматтарға мұндай мүмкіндік уақытша берілетіні алға тартылды.

– Ashyq қосымшасындағы "жасыл" мәртебе – кез келген азаматтың ПТР-тестілеуден өткенін, COVID-19 теріс нәтиже беретінін растайтын құжат. Сондықтан мұндай мәртебе екпе алмауға белгілі себебі бар азаматтарға берілгелі отыр. Бұл қолжетімділікті арттырады. Бірақ медициналық дәлелдемелердің мерзімі аяқталғаннан кейін олар міндетті түрде екпе алуы тиіс, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас