Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте өкпесіне суық тиген науқастар күрт көбейді

Шымкентте өкпесіне суық тиіп, жедел жәрдем шақыртқан науқастар саны күрт көбейіп кетті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімет таратты.

Шымкентте өкпесіне суық тиген науқастар күрт көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаладағы эпидемиялогиялық қолайсыз жағдайға байланысты жедел жәрдемге түсетін қоңыраулардың саны өскен. Бүгінде 103 қызметіне күніне орта есеппен 1800-2000 қоңырауға дейін келіп түседі. «Шақыртулардың басым бөлігі - ЖРВИ, пневмония сынды инфекциялық аурулар. ЖРВИ диагнозымен ауруханаға жатқызу - 2 есе (2019 жылғы маусым – 124, 2020 жылғы маусым – 260), пневмония диагнозымен - 7,2 есе (2019 жылғы маусым-18, 2020 жылғы маусым -130) өскен.

Инфекциялық аурулардың артуына байланысты қалада 1420 төсек-орын ашылды. Оның ішінде 690 орын инфекциялық, 290-карантиндік, 440-провизорлық төсек-орын ашылған. Осының есебінен орын жетіспеу проблемасы реттелмек. Сондай-ақ, 22 өкпені жасанды желдету және 38 монитор аппараты қосымша орнатылған. Бұған қоса, 27 маусымға дейін 40 өкпені жасанды желдету аппараты орнатылады деп жоспарлануда» делінген хабарламада. Басқарманың мәліметінше, науқастардың ауру жұқтыр көрсеткішінің артуына сақтық шараларының тиісті деңгейде сақталмауы себеп болған. Тұрғындардың басым бөлігі әлі де арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы мен маска тағу сынды сақтық шараларын елемей отыр. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі қашан және қайда жарияланады?

Мемлекеттік білім гранты

Танымал қаржыгер Расул Рысмамбетов БЖЗҚ-да қызметке ие болды

Расул Рысмамбетов

Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтау

Семейде стадион аумағынан табылған адам сүйегі 8 жыл бұрынғы құпияны ашуы мүмкін

Жоғалған адам