USD
USD
USD

Шымкентте өгей әке 6 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді

Шымкентте өгей әке кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкентте өгей әке 6 жасар қызын зорлады деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 22 тамызда Тұран АПБ-на хабарласқан жергілікті тұрғын, 6 жасар қызына бірге тұратын ер адамы сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын айтып арызданған.

Полицейлер аталған деректі ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі «жас балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркеп, оқиға орнынан бой тасалаған күдіктіні досының пәтерінен ұстады.

«Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотты болған. Жедел уәкілдер тұрғын үйді тексеру кезінде салмағы 4 келіге жуық марихуанаға ұқсас ерекше иісі бар зат салынған сөмке тапты. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс