Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте мектеп салуға бөлінген 5,5 миллион теңге ұрланған

Шымкентте мектеп салуға бөлінген қаражат ұрланған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігіндегілер мәлім етті. 

Шымкентте мектеп салуға бөлінген 5,5 миллион теңге ұрланған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Жұлдыз тұрғын алабында орта мектеп салуға бөлінген 5,5 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады. (...) Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы жалған мәлімет пен есеп бергені анықталды», - деді агенттік өкілі.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметі бойынша, "құрылыс жұмыстарын жүргізген кәсіпкер кінәсін толық мойындап, шығын сомасын өтеген".

Еңбекші аудандық сотының үкімімен кәсіпкер үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы бойынша сотталды.

«Қазіргі уақытта бүкіл елде жаңа оқу жылына дайындық бойынша білім беру мекемелеріне құрылыс және жөндеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл мақсаттарға бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді, оның көлемі жыл сайын артып келеді. Соған байланысты білім беру нысандары түрлі кәсіпкер үшін «жеңіл пайды» болып отыр», - деп толықтырды агенттіктегілер.

Қазір оқып жатыр

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Ерлан Қарин

Мәулен Әшімбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Мәулен Әшімбаев

Қазақстанда 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

үгіт-насихат