USD
USD
USD

Шымкентте мектеп оқушысын тонап кеткен ер адам ұсталды

Мектеп оқушысын тонап кеткен шымкенттік жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте мектеп оқушысын тонап кеткен ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға Қаратау ауданының тұрғыны тонау туралы арызбен жүгінді. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу көшеде оның ұлының смартфонын ашық түрде алып кеткен.

9 жастағы бала сабақтан үйіне қайтып келе жатқанда, оның жанына бейтаныс жігіт келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұрайды.

Нөмірді теріп жатқандай кейіп танытқан күдікті бөтеннің телефонын алып қаша жөнелген. Бұл оқиға баланың сыныптасының смартфонына түсіп қалған.

Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеуге кірісті. ЖБО-ның бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің алған бағыты мен жеке басы анықталды. Жедел уәкілдер оны қаладағы сауда орталықтарының бірінің алдында ұстады. Ол ұрланған смартфонды сатып үлгермеген екен. Гаджет тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Белгілі болғандай, жас жігіт бұл қылмысты жасамас бұрын із-түссіз жоғалған адам ретінде іздеуде болған. Туыстары оны 3 күн бойы іздеген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар