USD
USD
USD

Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамалды

Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамауға алынды. Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізуші қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 7 қазан кешкі сағат 18:45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында BMW-530 автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан 9 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды.

Істің мән-жайын анықтауға Шымкент қаласы ПД-ның анықтаушылары мен криминалистері барды. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы) бойынша тіркелді.

Анықтаушылар қажетті сараптамаларды тағайындады. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс сотқа жолданады. 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси