USD
USD
USD

Шымкентте мектеп директорларын жаппай ауыстырып жатыр

Шымкентте мектеп директорлары жаппай ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды Хабар-24.

Шымкентте мектеп директорларын жаппай ауыстырып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа оқу жылына дейін 68 педагог басқа мектепке басшы болып барады. Яғни мұндай өзгеріс қаладағы жалпы білім беру мекемелерінің тең жартысын қамтиды деген сөз.

«Тізімге іліккен директорлар бір жерде 15-20 жыл жұмыс істеген. Осынша уақытта қызметке деген ынтасы жоғалып, тіптен сыбайлас жемқорлық әрекетке баруға тәуекелділігі арттыруы мүмкін», - дейді білім басқармасындағылар.

Бір айта кетерлігі, бұған дейін Шымкентте 50 балабақша жетекшісі басқа бөбекжайға ауысқан.

- Барлық мекеме басшыларына «30 күн ішінде» деп хабарлама берілді. 8 тамыздан бастап оларға бұйрық шығарылады және 5 жылға еңбек шарты түзіледі. Ешқандай кадрды өзімен бірге алып кетуін - сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ротациялау комиссиясының хаттамасына нақты осы тармақты көрсетіп жаздық, - дейді қалалық білім басқармасының бас маманы Айткүл Оспанова. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.