USD
USD
USD

Шымкентте мас ер адам кинотеатр маңында тұрған көлікті ұрлап кеткен

Шымкентте мас ер адам кинотеатрға келушінің көлігін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте мас ер адам кинотеатр маңында тұрған көлікті ұрлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әл-Фараби ауданының полицейлеріне қаладағы жеке кинотеатрлардың бірінің маңында тұрған Mercedes-Benz Sprinter көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Ауыр жұмыс күнінен кейін қалыңдығымен кино көруді жоспарлаған қала тұрғыны көлігінің ұрланғанын біліп, бірден 102-ге хабарласқан. Көлік ұрысын ұстауға №766 автоэкипаж бағытталды.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары патрульдік полицейлерге ұрланған көліктің қозғалыс бағыты туралы хабарлап отырды. Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талаптарына бағынбаған ер адам жасырынуға тырысып, газды басып отырған. Ол бірнеше минуттан кейін Қаратау ауданындағы көшелердің бірінде ұсталды.

– Медициналық куәландыру қорытындысы ер адамның мас болғанын көрсетті. Осы құқық бұзушылық үшін ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – дейді ППП-нің қызмет инспекторы Ғабит Әбдірахман.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушілері бөтеннің көлігін заңсыз иемдену жайты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты