USD
USD
USD

Шымкентте мас адам үйінде газ баллонын жармақ болды

Шымкентте ішімдік ішкен ер адам екі баласын бөлмеге қамап, газ баллонын жарып жібермек болған. Мұндай қадамға ол отбасындағы кикілжіңнен кейін барғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Шымкентте мас адам үйінде газ баллонын жармақ болды
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін күндіз сағат 15.45-те болған. Учаскелік полицияның «101» пультіне Еңбекші ауданының Айнатас тұрғын үй алабының тұрғыны өз-өзіне қол жұмсағысы келетінін хабарлаған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілері 42 жастағы үй иесінің мас күйде суицид жасамақ болғанын анықтаған. Ол отбасылық жанжалдан кейін 50 литр газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге қалдырған. Кез келген минутта жарылыс болу қауіпі туған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 5 адам мен апаттар медицинасы орталығы филиалының арнайы бригадасы тартылған. «Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы балалардың жағдайын қарап шығып, медициналық көмек қажет еместігін анықтаған. Олар анасымен бірге үйінде қалды. Ал, үй иесін Еңбекші ауданының полиция қызметкерлері алып кетті» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер