USD
USD
USD

Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатқа ие болды

Мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған Шыңғыс Мұқан сала үздіктерін қала әкімінің Алғыс хатымен марапаттады, деп хабарлайды Shymkentaqparat.

Шымкентте мәдениет қызметкерлері марапатқа ие болды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шымкентте мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 8 мекеме, 6 театр, 5 кітапхана, оның ішінде Абай кітапханасының 23 кітапхана бөлімшесі, орталықтандырылған балалар кітапханасының 14 кітапхана бөлімшесі бар.

Шаһардың мәдениет саласында 2 мыңға маман еңбек етсе, 56 мәдениет және өнер мекемелері қызмет көрсетеді. Өткен жылы мәдени ұйымдардың қатысуымен 2007 іс-шара өткен. Елдегі эпидахуалға байланысты іс-шаралардың көбі онлайн форматта ұйымдастырылды.

Айта кетсек, 2020 жылы «Шымкент- ТМД-ның мәдени астанасы» атанып, бұл құрметті абыроймен Душанбе қаласына табыстаған болатын. Душанбеліктерге «Достық сыйы» топтамасы тарту етіліп, Шымкенттің 2200 жылдық тарихы жазылған 2200 кітап, қала символына айналған қызғалдақтың 2200 тұқымы және шымкенттіктердің душанбеліктерге ыстық лебізі жазылған 2200 тұмар жіберілген.

Қазір оқып жатыр

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа кокс батареялары мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet