USD
USD
USD

Шымкентте құс фабрикасының қоймасы өртенді

Қала іргесіндегі өндіріс орнында картон қораптарын сақтайтын орын жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шымкентте құс фабрикасының қоймасы өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аумағы шамамен 1700 шаршы метр болатын нысанның бестен бір бөлігін қызыл жалын шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт бір сағатта сөндірілді. Материалдық шығын мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Кәсіпорында 300 адам тұрақты жұмыс істейді. Фабрикадан күніне 350 мың дана жұмыртқа шығарылады. 

- Өрттің басына бірінше келіп жеткен жеке құрамдар барлау жұмыстарын жүргізіп, «Шымкент құс» аумағында орналасқан дайын жұмыртқа өнімдерін сақтайтын қоймасында өрт орын алғаны анықталды. Өрттің орын алған көлемі 288 шаршы метр болды, - деді қалалық ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Алтынбек Толтаев

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция