USD
USD
USD

Шымкентте құрылыс желімдерін өндіру зауытын салу ұсынылды

Мұндай инвестициялық жобаны Польшаның Selena Group компаниясы қалалық инвестициялық штаб отырысында ұсынды.

Шымкентте құрылыс желімдерін өндіру зауытын салу ұсынылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Жоба құны – 3 млрд теңге. Жеке кәсіпкер өндірісті 2021-2022 жылдары іске асыруды жоспарлап отыр. Оған қажетті жер телімі – 2 га. Жұлдыз индустриалды аймағынан жер телімін беру көзделуде. Кәсіпорын іске қосылғанда 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Осындай серпінді жобалар Шымкент қаласының экономикалық дамуына үлес қосатынына сенім білдірген қала басшысы ең бастысы импортты алмастыратын сапалы өнім шығаруды басты мақсат етуді айтты.

Айта кетейік, қаладағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында бүгінде инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда шамамен құны 200 млрд. теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорындар ашылады. Инвесторлар тарапынан қызығушылық жоғары. Бүгіннің өзінде 100 млрд. теңгеге 25 инвестициялық жобалардың пулы жасақталған. Келісімдерге сәйкес биыл 10 жобаның құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы