USD
USD
USD

Шымкентте күніне 25 тонна сүт өңдейтін цех ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласындағы Мәртөбе тұрғын алабында сүт өнімдерін өңдейтін цех ашылды. 

Шымкентте күніне 25 тонна сүт өңдейтін цех ашылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жобаға 300 млн теңге инвестиция тартылған. Аталмыш цехта күніне 20-25 тоннаға дейін сүт өңделуде. Өңделген сүттен 2,5 тонна ірімшік өнімінің голланд және моцарелла түрі шығарылады. Сұранысқа қарай брынза өнімі де өндіріледі.

Кәсіпорын басшысы Полат Халаевтың айтуынша, алдағы уақытта өнім көлемін 35-40 тоннаға дейін арттырып, өнім түрін көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Мәртөбеден шығарылған сүт өнімдері еліміздің барлық аймақтарын толықтай қамтып отыр екен.

Жиырма бес жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Халаев» ЖК кәсіпорын сапа стандарты бойынша жұмыс істеп отыр.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек