USD
USD
USD

Шымкентте күйеуін кездейсоқ өлтірген әйел ақталып шықты

Шымкентте сот өзін қорғамақ болып, күйеуін өлтірген әйелді ақтап алды. 

Шымкентте күйеуін кездейсоқ өлтірген әйел ақталып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу анықтағандай, 31 жастағы ер адам әйелмен азаматтық некеде тұрып, оны бірнеше рет ұрып-соққан. Әйел серіктесінен құтылуға тырысып, бірнеше рет басқа қалаға қоныс аударған. Сонымен қатар, ол полицияға үш рет арызданған. Алайда, құқық қорғау органдары тарапынан айтарлықтай әрекет болған жоқ.

Ер адам оны тауып алып, кешірім сұрап, Шымкентке қайтарған, біраз уақыттан кейін тұрақты ұрып-соғу жағдайлары қайталана бастайды. Сонымен қатар ер адам жұмыс істемейді.

24 сәуір күні ер адам тағы да әйел тұратын пәтерге барады. Ол мас күйінде одан ақша, темекі мен арақ-шарап талап ете бастаған. Одан бас тартқан әйелге азаматтық некедегі күйеуі шабуыл жасап, мұрнын сындырған, содан кейін басын қабырғаға соғады. Әйел пәтерден қашпақ болған, бірақ ер адам оны жібермеген. Төбелес кезінде әйел асхана пышағын алып, өзін қорғау мақсатында күйеуінің кеуде тұсынан ұрған. Пышақ жүрекке тиіп, ол сол жерде көз жұмды.

Тергеу барысында полицияға бұрын түскен арыз-шағымдардың барлығы анықталып, олар бойынша ешқандай шара қолданбағаны белгілі болды. Сондай-ақ, айыпталушының денесінен көптеген жарақаттар табылды.

Сот оқиғаның барлық жай-жапсарын зерделей келе, қасақана кісі өлтірді деген айыпты алып тастап, сотталушыны қажетті қорғаныс шегінен шықты деген қорытындыға келді. Оған ҚР ҚК-нің 102-бабына сәйкес бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, нәтижесінде әйел сот залынан тікелей босатылды.

Өз кезегінде марқұмның туыстары 15 млн теңге моральдық және 800 мың теңге материалдық шығын талап еткен. Істің барлық мән-жайын қарап, сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды. Демек, қызға 1 миллион теңге төлеу керек.

Зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық «НеМолчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі атап өткендей, үкімге қарсы әлі де жоғары сатыдағы соттарға шағымдануға болады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары