USD
USD
USD

Шымкентте қосымша инфекциялық стационар ашылды

Шымкентте 

Шымкентте қосымша инфекциялық стационар ашылды
Фото: NEGE.kz

 №1 қалалық клиникалық ауруханасы жанынан 100 орынға арналған инфекциялық стационар ашылды. 

Шымкент, NEGE. Аталған медициналық нысанның науқастарды қабылдау процесімен қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысты. Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты жасақталған бұл стационар жүкті әйелдерге арналған. Резервтік стационарда реанимациялық төсек орындар мен науқастарды емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда дәрігерлер ковид ауруының орташа және ауыр ағымы бар науқастарды емдейді. Әкім орынбасары індетпен күресте жалғыз тиімді әдіс – вакцинация екенін айтып, жақындарымыз бен айналамыздағы адамдардың денсаулығына жанашыр болуға шақырды.

Айта кетейік, қазір қалада инфекциялық ауруға шалдыққан 1346 азамат стационарда ем қабылдауда. Төсек-орын толымдылығы 61% құрайды. Өткен тәулікте 421 науқастан коронавирус анықталған. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек