USD
USD
USD

Шымкентте кортежге қатысқан 9 жүргізуші жазаланды

Шымкентте кортежге қатысқан 9 жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте кортежге қатысқан 9 жүргізуші жазаланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент қаласы ПД жедел басқару орталығының полицейлері бейнебақылау камераларының көмегімен Арғынбеков көшесі бойында жол ережесін өрескел бұзған көлік кортежін анықтады. Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілерді тоқтату үшін көшені екі жағынан жауып тастады.

Нәтижесінде жеңіл көліктің 9 жүргізушісіне қатысты полицейлер 11 әкімшілік хаттама толтырды. BMW және Toyota Camry жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды. Шетелдік Merсedes Benz S550 және Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабын бұзды. Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабын бұзған. Авариялық жағдай туғызғаны және жолдарды, жол құрылыстарын бүлдіргені үшін кортеждің тағы екі жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Бірден ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 597-бабы, 602-бабы бойынша Lada-21900 жүргізушісіне хаттама толтырылды. Ол бір уақытта көлік құралдарын пайдалану ережелерін, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзып, сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану ережелерін бұзды.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін айыппұл тұрағына қойды.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов