USD
USD
USD

Шымкентте «Қорғау» бағдарламасы іске қосылды

Шымкентте жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерді анықтайтын «Қорғау» бағдарламасы іске қосылды. Бұл қосымша патрульдік полицейге жақын маңда 10 минут ішінде екі рет жол ережесін бұзған немесе көлігіне жалған нөмірлер орнатқан заңбұзушыларды көрсетіп отырады. 

Шымкентте «Қорғау»  бағдарламасы іске қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Жаң бағдарлама еліміздің бас полицейі Марат Ахметжановтың мегаполиске сапары аясында таныстырылды.

«Қорғау» бағдарламасын мұқият түсіндіріп шыққан тәртіп сақшылары оның айыппұлы төленбеген, сақтандыру, техникалық байқаудан өтпеген немесе іздеуде жүрген автокөлік жүргізушісі жайлы хабардар ететінін айтады.

Осылайша жол қозғалысын қадағалау кезінде полиция нарядтары «тәуекел ету тобымен» бірге әрекет ететін болады.

Өз кезегінде жол қозғалысының нақты уақыт режимінде алдын алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Шымкент полициясы құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету мақсатында республика бойынша алғашқы болып «Қорғау» бағдарламасын пайдаланып отыр.

Бір тәулік ішінде патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Қорғау» бағдарламасының көмегімен әртүрлі бұзушылықтары бар 70-тен астам автокөлікті тіркеді.

Оның ішінде жүргізушілердің 18-і жалған нөмірмен ұсталған.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC