USD
USD
USD

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ 43 ПАЙЫЗЫ ЖАҢА БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨТТІ

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде жалпы алаңы 303,3385 га болатын 6 жер учаскесі мүлік иелерінің еркімен мемлекет меншігіне қайтарылды.

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ 43 ПАЙЫЗЫ ЖАҢА БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨТТІ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Бұл туралы басқарма басшысы Ғ.Утенбаев қала әкімі Мұрат Әйтеновке мекеменің тоғыз айда атқарған жұмыстарының есебін беру жиынында айтты.

Көпқабатты тұрғын үйлер бойынша жаңа басқару жүйесін енгізу тапсырма жоспары 43 пайызға орындалып, қала бойынша 113 мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және 773 жәй серіктестік (ЖС) құрылып, тіркелген.

Қаланың лифт шаруашылығын үйлестіруде қолданыстағы барлық лифтлерге, эсколаторларға, тағы басқа жүк көтеру механизмдеріне түгендеу жұмыстары атқарылған.

Жүк көтергіш құралдарына қызмет көрсетуші ұйымдар өкілдеріне лифтілерді тіркеуге қою мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Биыл 112 лифт комиссиялық сынақтар өткізілсе, 16 лифт тіркеуге қойылған. Жүк көтергіш құралдырын электронды түрде «Egov.kz» порталы арқылы іске асырылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек