USD
USD
USD

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлер басқарудың жаңа үлгісіне көшіп жатыр

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың жаңа үлгісі қолға алынып, кондоминиум нысанын басқарудың тиімді тәсіліне көшуде.

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлер басқарудың жаңа үлгісіне көшіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Демек, бұрынғы пәтер иелері кооперативінің (КСК) орнына мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) құрылып жатыр. Мүлік иелерінің бірлестігі аясында үйлерді күтіп-ұстауға кететін қаржы мен оның тиімді жақтары «бір үй- бір мүлік иелерінің бірлестігі - бір есепшот» қағидатына негізделеді.

Мүлік иелерінің бірлестігі заңды тұлға ретінде тіркелген коммерциялық емес ұйым болып табылады. Аталған жаңа үлгінің артықшылығы - тұрғындар үйді басқару, күтіп-ұстау және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізе алады. Тексеру, қадағалау күшейетіндіктен коммуналдық қызметтердің де сапасы арта түспек. Көппәтерлі тұрғын үйлерде ағымдағы және күрделі жөндеу мерзімдерін айқындау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты мониторинг қатаңдатылады әрі ашық болады.

Айта кету керек, жалпы бір іргетаста орналасқан не үйге ортақ бірыңғай инженерлік жүйелері бар көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің үштен екісінің келісімі бойынша мүлік иелерінің бірлестігі немесе жәй серіктестік құруға болады. Бірлестікті басқару органдарының қызметі ҚР тұрғын үй заңнамасымен айқындалған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек