USD
USD
USD

Шымкентте көпбалалы аналарға арналған компьютерлік курсқа сұраныс артуда

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында мамыр айынан бастап көпбалалы аналарға арналған тегін компьютерлік курстар ашылған болатын.

Шымкентте көпбалалы аналарға арналған компьютерлік курсқа сұраныс артуда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Осы уақыт аралығында курста 45 ана компьютерлік сауаттылығын арттырды. Оларға орталық маманы Ұлықбек Қожабеков дәріс береді.

Басқарма қызметкерлерінің айтуынша аналар арасында оқу курсына сұраныс артуда. Себебі, көп балалы аналарға бұл компьютерлік оқу курсында электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) ашу және Egov.kz порталында жұмыс істеуді үйренуге басымдық беріледі. Өйткені, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің көпшілігі Egov.kz порталы арқылы алынатыны белгілі.

Айта кетейік орталықта аналар алаңсыз білім алуы үшін балалар бөлмесі де жасақталған. Балаларын өздерімен ертіп келулеріне болады. Орталық Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 32 а ғимаратында орналасқан.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек