Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шымкентте конго-қырым безгегі анықталды

Шымкентте Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен бір науқас жан-сақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Шымкентте конго-қырым безгегі анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Түркістан облысы Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны бір апта бойы үй жағдайында емделіп, кейін Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр, дейді. Науқаспен қарым-қатынаста болған 15 адам оқшауланып, бақылауға алынды. Оның тоғызы медицина қызметкері. Шымкент қаласы конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруына қолайсыз аймақ. Өткен жылы дерттің екі жағдайы тіркелді. Ал биыл кене шағып, медициналық көмекке 284 адам қаралған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда үш есеге көп.

– Қан кету болған, температурасы жоғары болған. Әлсізді және денесінде қан ұю дақтары болған. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы өте ауыр. Қарым-қатынаста болған адамдарға алдын-ала дәрі-дәрмек беріп, медициналық бақылауда болады, - деді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар